«Saba Group» компаниясы Алматыдағы № 125 мектептің ауласынан жаңа оқу корпусын салады. Аталған су жаңа ғимаратта 600 бастауыш сынып оқушысы білім алатын болады. Бұл туралы Abai.kz ақпараттық порталы хабарлайды.
№ 125 жалпы білім беретін орта мектеп Алматы қаласының Бостандық ауданындағы «Алмагүл» шағын ауданында орналасқан. Аталған білім мекемесінің директоры Шәмшінұр Бакиеваның айтуынша, қазір бұл мектепте 1850 бала оқып жатыр. Ал мектеп жанына салынатын жаңа ғимаратта (оқу корпусы) бастауыш сыныптың 600 баласы білім алатын болады.
«Біз жаңа ғимараттың салынатынына өте қуаныштымыз. Сөзсіз, бұл біздің шағын алаңдағы орындардың жетіспеушілігі мәселесін шешеді. Бастауыш сынып оқушылары жаңа кең сыныптарда оқитын болды», - дейді Шәмшінұр Бакиева.
«Saba Group» компаниясы салатын үш қабатты жаңа ғимаратта кең көлемді 11 оқу бөлмесі, қыздар мен ұлдарға арналған бөлек киіну бөлмелері, жуынатын бөлмелер мен дәретханасы бар шағын спорт залы болады. Спорт залы арнайы нұсқаушылар және құрал-жабдықтармен толық жабдықталған болады. Жоба бойынша, жаңа корпус мектеп ауласындағы асфальтталған, бірақ қазір бос тұрған аумаққа салынатын болады. Оның айналасында спорт алаңы бар аумақ та толықтай абаттандырылады.
«Біздің компания әлеуметтік жауапты бизнес ретінде Мемлекет басшысының жаңа мектептер салу жөніндегі тапсырмасын қолдайды. Мұнда 600 бала білім алатын болады. Қосымша барлық қауіпсіздік талаптарын, сондай-ақ, мектеп басшылығының ескертпе-тілектерін ескере отырып жасалған. Біздің компания барынша жайлылықты қамтамасыз етуге және өзгерістер тұрғындар үшін пайдалы екеніне көз жеткізуге тырысады. Біз «Comfort City» тұрғын үй кешенін салу туралы шешім қабылдаған кезде, тұрғындар балаларын қайда оқытады деп ойладық», - дейді «Saba Group» құрылыс компаниясының директоры Ержан Әбдіқадыров.
Оның айтуынша, олар мұнымен тоқтап қалмақ емес және қалада жаңа мектептердің құрылысын бастауға дайын. Жаңа ғимараттың құрылысы жақын күндері басталып, келесі жылдың мамырында аяқталады. Сонымен қатар, тұрғындарға ыңғайлы болу үшін «Comfort City» тұрғын үй кешенінің аумағында емхана, балабақша және полиция пункті болады.
Ерғали Берікұлы
Abai.kz