SABA GROUP KZ» құрылыс компаниясы дзюдодан Олимпиада чемпионы Елдос Сметовке «Комфорт Сити» тұрғын үй кешенінен пәтер кілтін табыс етті. Бұл сыйлық өткен Олимпиада ойындарында елімізге алғашқы алтынды әкелген, Қазақстанның әлемдік спорт аренасында позициясын нығайтқан Қазақстандағы ең мықты спортшылардың бірінің көрнекті жетістіктерін тану мен қолдаудың символы болды.
«Біз өзіміздің спортшыларымызды, әсіресе Елдос Сметов сияқты миллиондаған қазақстандықтарды үлгі-өнегелерімен шабыттандырған спортшыларды шын жүректен мақтан тұтамыз. Дзюдоны қолдау – еліміздің болашағына салған инвестициямыз. Мұндай жеңістердің ұлттық рухты көтеру үшін ғана емес, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауда маңызы зор деп есептейміз.Бүгін біз Елдосқа құрмет пен ризашылықтың белгісі ретінде осы сыйлықты сыйлағанымызға қуаныштымыз», - деп SABA GROUP KZ өкілі Саурықов Алмас атап өтті.
Елдос Сметов мұндай жомарт іс-шараға ризашылығын білдірді: «Бұл мен үшін үлкен оқиға. Мен әрқашан Қазақстанды жоғары деңгейде көрсетуге тырыстым және SABA GROUP KZ тарапынан бұл қолдау маған одан әрі күш-қуат пен алға жылжуға мотивация береді. Маған сеніп, осы жеңіске жету жолында көмектескендердің барлығына алғыс айтамын».
Комфорт Сити тұрғын үй кешені – SABA GROUP KZ компаниясының жайлылық пен өмір сапасына баса назар аудара отырып жасалған заманауи жобасы. Компания Қазақстанның дамуына үлес қосуға ұмтыла отырып, әлеуметтік бастамаларды қолдауға белсенді қатысуды жалғастыруда.