Компания жаңа жобаны іске асыруды бастады – "Арман сити" ТК
SABA GROUP KZ компаниясы Алматыдағы Әл-Фараби және Гагарин даңғылдарының қиылысында орналасқан "Комфорт сити" тұрғын үй кешеніндегі пәтерлердің үшінші кезегін пайдалануға беру басталғанын жариялады.
Жақында ғана екінші кезектегі тұрғындар пәтер кілттерін алған еді. Тұрғын үй кешенінің үшінші кезегін тапсыру 2024 жылға жоспарланған болатын. Алайда, компания үш жыл ішінде болған барлық қиыншылыққа қарамастан, ол бүкіл кешеннің құрылысын мерзімінен бұрын аяқтады.
"Біз әрқашан өзімізге алған міндеттемелерді орындауға тырысамыз. Үшінші кезек құрылысының аяқталуымен кешен аумағында өз балабақшамыздың ашылғанын қуанышпен хабарлаймыз. Сондай-ақ полиция қызметкерлеріне учаскелік инспекторларға арналған үй-жайлардың кілттері берілді. Бұдан басқа, осы кезекте медициналық мекеме ашу жоспарланып отыр. 2022 жылы компания жақын жерде орналасқан мектеп ғимаратының корпусын тұрғызып, тегін берді. Осының арқасында біздің тұрғындар балаларын үйдің жанындағы мектепке беруге мүмкіндік алды. Компания кешеннің айналасында өз есебінен қала көшелерін - Дружба тұйық көшесін және Тропинин көшесін кеңейтті, бұл көшелерге асфальт төсеп, көше шамдарын орнатты. Кешен тұрғындарына жерасты паркингтері, ал көше бойындағы және кешен ішіндегі коммерциялық үй-жайлардың иелеріне арнап көптеген қонақ тұрақтары қарастырылған. Қала тұрғындарына ыңғайлы болуы үшін біз өз аумағымызда өз қаражатымыз есебінен Қожабеков көшесін Гагарин даңғылынан Тропинин көшесіне дейін ұзартуды ұйғардық", - деп түсіндірді SABA GROUP KZ компаниясының президенті Ержан Әбдіқадыров.
Қазір компания "Арман сити" деп аталатын тағы бір батыл жобаның құрылысын бастады. Көптеген тұрғын бұл жоба туралы айтып жатыр, өйткені компания оны іске асыруды бастамай-ақ, жақын маңдағы үйлердің тұрғындары бос уақытын өткізетін саябақ аймағын салып берген еді. SABA GROUP KZ толығымен өз есебінен қалалық аумақты жарықтандыру, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Қала тұрғындары жобаның аяқталуын асыға күтеді, өйткені бұл жаңа мекен бос уақыт өткізетін демалатын орам болады. Компания тұрғын үй кешенінің, сондай-ақ ТК тұрғындары мен іргелес үйлерге арналған мектептің құрылысы бір уақытта аяқталады деп сендірді.
https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/saba-group-kz-dosrochno-zavershila-stroitelstvo-jk-komfort-517217/