01.07.2026
20 жылдық адал еңбек. Лайықты марапат.

20 жылдық адал еңбек пен жоғары кәсібилік — дәл осындай жолдан SABA GROUP KZ командасының құрамында Даниев Қайрат Қайралапұлы өтті.

Бүгінде Даниев Қайрат Қайралапұлы SABA GROUP KZ компаниясының Директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқарады және компанияның қалыптасуы мен дамуының бастауында тұрған негізгі тұлғалардың бірі болып табылады.

Ол жиырма жыл бойы ауқымды жобаларды жүзеге асыруға, корпоративтік мәдениетті дамытуға және компания брендінің нарықтағы беделін нығайтуға елеулі үлес қосты.

Оның көпжылдық еңбегі мен жоғары жауапкершілігін бағалай отырып, SABA GROUP KZ компаниясының негізін қалаушы Сабали Арыстанбек Бейханұлы Даниев Қайрат Қайралапұлына компанияның 10% үлесін беру туралы шешім қабылдады.

Бұл шешім оның еңбегіне көрсетілген құрмет қана емес, сонымен қатар адалдық пен ортақ іске қосқан үлестің әрдайым лайықты бағаланатынының айқын дәлелі болды.

Даниев Қайрат Қайралапұлын осы маңызды оқиғамен шын жүректен құттықтаймыз! Оған жаңа жетістіктер, ауқымды жобалардың сәтті жүзеге асуын және SABA GROUP KZ компаниясымен бірге одан әрі өркендеуін тілейміз.