Алматыда әлеуметтік желілерде талқылауға себеп болған SABA GROUP KZ компаниясының жаңа инвестициялық жобасын іске асыру мәселесі талқыланды.
Кездесуге аудан тұрғындарымен бірге құрылыс компаниясының өкілдері, сәулет басқармасы, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы (ГАСК), жер қатынастары басқармасы, сейсмология институты және басқа да тиісті мекемелердің мамандары қатысты.
Компания мәліметінше, талқылау қорытындысында жоба заңнама талаптарына толық сәйкес келетіні және барлық рұқсат құжаттары белгіленген тәртіппен рәсімделгені расталды.
Алматы қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы №4/727 қаулысына сәйкес, аталған жер телімі О-2 аймағына жатады, онда кеңселер, қонақүйлер, сауда және мәдени нысандар сияқты коммерциялық және қоғамдық ғимараттар салуға рұқсат етілген.
Құрылыс компаниясының мәліметінше, тұрғындарға инженерлік есептер ұсынылды: жаңа нысандар үйлерге түсетін күн сәулесін көлеңкелемейді, ауа ағыны сақталады, ал ғимараттар әл-Фараби даңғылы жағынан келетін шуды азайтуға да көмектеседі.
Компания өкілдері сондай-ақ құрылысшының өз қаражаты есебінен тұрғындар мен жақын маңдағы жоғары оқу орындарының студенттері пайдаланып жүрген орындықтары бар жаяу жүргіншілер бульварын абаттандырғанын атап өтті. Қала тұрғындарының тілектері ескеріліп, құрылыс тығыздығы азайтылды, ал кейбір ғимараттар үш-бес қабаттан аспайтын болады.
Компания президенті Ильяс Карбозов жобаға отандық және шетелдік инвесторлар қатысып жатқанын және оның қала үшін айтарлықтай әлеуметтік әсер беретініне тоқталды:
«Біз инженерлік желілерді жаңартуға, абаттандыру мен жарықтандыру жұмыстарына 400 миллион теңгеден астам инвестиция саламыз. Сондай-ақ көршілес үйлерді жөндеуге және көгалдандыруға көмектесуді жоспарлап отырмыз», – деп атап өтті Ильяс Карбозов.
Жобада 700 көлікке арналған екі деңгейлі жерасты автотұрағы қарастырылған, бұл ауданның тұрақ мәселесін шешуге мүмкіндік береді.
Толығырақ ақпаратты сілтеме арқылы оқи аласыз https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/saba-group-otvetili-voprosyi-stroitelstve-akademgorodke-585130/