SABÁ GROUP KZ құрылыс компаниясының қолдауымен Қарулы Күштерде алғаш рет ПТР-зертханасы жұмыс істей бастады.
Компания зертханаға қажетті жабдықты сатып алып, тегін берді, техникалық қолдауды қамтамасыз етті, тіпті қызметкерлерді оқытуды ұйымдастырды.
Қарулы Күштердің өзінде жеке зертхананың болуы жеке құрамды ПТР-диагностикасының қажетті көлемімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. ПТР-диагностика жоғары дәлдікпен және жеделдігімен ерекшеленеді.
Қазақстан Қарулы Күштерінің тұңғыш ПТР-зертханасы COVID-19-ға ғана емес, сондай-ақ инфекцияның басқа да түрлеріне тестілеу жүргізуге мүмкіндік береді. Қазірде зертхана пайдалануға дайын.
Дереккөз:
https://almaty.tv/news/koronavirus/2001-ptsr-laboratoriyu-dlya-voennosludgaschikh-otkryli-v-almaty